Ақтауда 650 млн теңген жымқырған алаяқ ұсталды

1558

Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті.

Ақтауда 650 млн теңген жымқырған алаяқ ұсталды Фото: canva.com

Ақтауда ІІБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері адамдарды алдап соғып, 650 млн теңгені жымқырған 33 жастағы қала тұрғынын қамауға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде қолға түскен күдікті қаланың 17 шағынауданда салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй кешендерінің біріндегі пәтерлерді заңсыз сатумен айналысқаны анықталып отыр.

"Күдікті 650 млн теңгені алаяқтық жолмен жымқырған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - делінген ПД хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу