Ақтауда 9-қабаттан секірмек болған әйел құтқарылды

622

Ақтауда полицейлер әйел адамды өлімнен арашалап қалды.  

Ақтауда 9-қабаттан секірмек болған әйел құтқарылды

"102" кезекші пультіне әйел адамның тоғызыншы қабаттан секіріп, өз-өзіне қол жұмсайын деп жатқаны жөнінде қоңырау түсті. Тәртіп сақшылары лезде оқиға орнына барған. Үш полиция қызметкері 20-30 минуттай әңгіме жүргізіп, әйелді райынан қайтаруға тырысты. Оған көнбеген әйел қолын тіреуден енді жіберген сәтте полиция капитаны Болат Ибрагим оны ұстап, көтеріп алады.

46 жастағы азаматшаның мұндай әрекетке баруы отбасылық жағдайларына байланысты болған. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Осылайша, бір ананың өмірін құтқарған полиция қызметкерлерінің ерліктеріне барша үй тұрғындары куә болып, табанды шешімдері мен жасаған әрекеттері үшін шексіз алғыстарын жеткізді.

"Күнделікті қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қызметке түсеміз. Күнде әртүрлі жағдайларға кезігіп жатамыз. Оқиғаның соңы не боларына көз жетпей, уайым болды. Бірақ ойланып тұратын уақыт жоқ болғасын, бірден осындай әрекетке бардым. Қуанышымызға орай, барлығы жақсы аяқталды. Бұл біздің тікелей міндетіміз бен азаматтық борышымыз деп білемін", – деді Патрульдік полиция батальонының взвод командирі Болат Ибрагим.

Алмас Қылыш

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу