Ақтауда алимент бойынша 82,3 млн теңге берешек өтелді

99

Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы мәлім етті.  

Ақтауда алимент бойынша 82,3 млн теңге берешек өтелді Фото: sb.by

Ақтау қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балалардың пайдасына алименттердің уақтылы өндіріліп алынуын қамтамасыз ету және мемлекет кірісіне қаражатты қайтару бағытында жұмыс жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ағымдағы жылдың басынан бері қабылданған шаралардың нәтижесінде балалардың пайдасына 82,3 млн теңге көлеміндегі алимент берешегі өтелді. Сонымен қатар прокурорлық қадағалау актілері негізінде мемлекет кірісіне 46,8 млн теңге өндірілді.

Міндеттемелерді орындау аясында борышкерлердің мүлкіне өндіріп алу шаралары қолданылып, 1 пәтер, 2 жер учаскесі және 2 автокөлікке шектеу қойылды. Алимент төлеуден жалтару және кірістерді жасыру фактілері бойынша 41 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сонымен қатар алимент бойынша берешегі бар азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Нәтижесінде 33 адам тұрақты жұмысқа орналасуға ниет білдіріп, 18 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу