Ақтауда ауаның ластануы анықталды

105

Маңғыстау облысының экологтары Ақтау мен оның айналасында жоспардан тыс жүргізген мониторигті аяқтады.  

Ақтауда ауаның ластануы анықталды Фото: gov.kz

Тексеруге тұрғындардың ауадан жағымсыз иіс шығатыны туралы шағымдар түрткі болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Зерттеу жұмыстары 15-22 желтоқсан аралығында жүргізілді. Мамандар облыс орталығының түрлі аудандарынан, кәсіпорындардың аумағынан сынама алып, зерттеген.

Алдын-ала нәтиже бойынша, ірі өндіріс ошақтарының бірінен шыққан күкіртті көміртек мөлшерден асып кеткен.

"Бұл ластаушы зат, өткір иісті, ауаға тез таралатын, сол себепті қалаға қарай жел бағытталған кезде осы қала мен Мұнайла ауданында осы иістің шығуы ап-анық байқалды. Бізде осы жылға бірінші заң бұзушылық, яғни ол заң бұзушылықты яғни біз тексеру жұмыстары арқылы анықтаймыз. Бұл фактілер прокуратура органдарына жолданады", – деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық экология департаментінің бөлім басшысы Қайсар Нәдірбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу