Ақтауда балабақша маңында автокөлік өртке оранды

Абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.  

Ақтауда балабақша маңында автокөлік өртке оранды Фото: Маңғыстау облыстық ТЖД

Lada.kz басылымының жазуынша, Ақтауда мектепке дейінгі балалар мекемесінің маңында автокөлік түгі қалмай жанып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оқиға туралы ақпарат 1 қазан күні сағат 08:56-да 15-шағын ауданда орналасқан №58 мектепке дейінгі балалар ұйымының маңындағы көліктің өртенгені жөнінде өрт сөндіру қызметінің кезекшісіне хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеке құрамнан 10 адам жіберілген. Құтқарушылар жеткен кезде Volkswagen Passat автокөлігінің өртеніп жатқаны анықталған.

Көліктің ішінде көлемі 60 литр газ баллоны болған. Өрт жедел әрі толық сөндірілген.

Зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу