Ақтауда балабақшалардың бірінен өрт шықты

451

Зардап шеккендер жоқ.

Ақтауда балабақшалардың бірінен өрт шықты Фото: Маңғыстау Медиа

Ақтауда қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінің жертөлесінде қысқа толқынды пеш жанып кетті, деп жазады inbusiness.kz "Маңғыстау Медиа" сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, 15 қараша күні сағат 08:10-да 22-шағын аудандағы балабақшадан түтін шығып жатқаны жөнінде хабарлама келіп түскен.

"Жертөледе қысқа толқынды пеш жанып кеткен. Сағат 08:29-да жану тоқтатылды. Зардап шеккендер жоқ. 4 өрт сөндіру техникасы мен 20 жеке құрам қызметкері жұмылдырылды", - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу