Ақтауда "Balqaimaq - Food Fest" фестивалі өтті

893

 "Balqaimaq - Food Fest"- тамақ фестивалі. Шараға Ақтау қаласының 20 мейрамханасы мен кафесі қатысты.

Ақтауда "Balqaimaq - Food Fest" фестивалі өтті

Мұнда нағыз аспаз- шеберлер жергілікті аспаздық трендтерді ұсынды. 

Фестивальдің басты ерекшелігі – алдымен кондитерлер тәтті тоқаштарын қысқа уақытта дайындау бойынша жарысты. Қатысушылардың еңбектерін кондитерлік саланың танымал мамандарынан тұратын қазылар алқасы баға берді.

Сонан соң әрбір дәмхананың үздік ас-тағамдарынан жәрмеңке өтті. Келушілер дәмді астан ауыз тиіп, мәдени іс-шараны тамашалады. Қазақтың ұлттық дәмі-балқаймақтың да мол сатылымы болды.

Балаларға арналған ойын-сауық шарасы да ұйымдастрылды. Олар түрлі аттаракциондарда тегін демалуға мүмкіндік алды. Келген қонақтар саны 10 мыңнан асқаны белгілі болды.

"Осында жүрген демалушылар саны көп. Бағдарлама да қызыққа толы. Ересектерге де, балаларға да демалуға жағдай жасалған. Фото аумақтарда суретке түсіп, әдемі ән тыңдап, сергіп ұалдық. Балаларымыз аттакциондарда ойнап, мәз болды", - дейді Атырау облысының тұрғыны Сәуле Әкім.

Маңғыстау облысында туристік маусым жалғасып жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шаралар Маңғыстау облысындағы туристік маусымды қараша айының соңына дейін ұзартуға бағытталып отыр. Мәдени демалыс Каспий жағалауына келген туристер есебінен жергілікті бизнестің дамуынае оң әсер етеді.

Алдағы апталарда демалушыларға арналған Caspi Byke және Teniz Music Fest, Plogging Saura & Tamshaly, Aktau Marathon және Dj Run Aktau шаралары өтпек.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу