Ақтауда барда демалып отырған ер адамға оқ атқан: Қылмыскер 5 жылға сотталды

366

Аталған іске қатысты тергеу тамыз айының соңында аяқталды.  

Ақтауда барда демалып отырған ер адамға оқ атқан: Қылмыскер 5 жылға сотталды Фото: lada.kz

Ақтаудағы барлардың бірінде ер адам қолына қару алып, тамақ ішіп отырғандардың біріне оқ атқан. Осыған байланысты оған қатысты сот үкімі шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

"Сот үкімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі – "Бұзақылық" бойынша кінәлі деп танылып, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", – деп келтіреді басылым прокуратураның мәліметін.

Айта кетейік, 8 шілдеге қараған түні Ақтаудағы ойын-сауық орындарының бірінде ер адамға "аңшы сигналы" деп аталатын құрылғыдан бетіне тікелей оқ атылды. Салдарынан ол жарақат алды. Оқиғаның сол сәті видеоға түсіп қалған.

Полиция осыған байланысты бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, күдікті сол кезде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тамыз айының соңында тергеудің аяқталғаны және ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігімен (атыс қаруын қолдану арқылы жасалған бұзақылық) қозғалған қылмыстық істің сотқа жолданғаны хабарланды. Аталған бап бойынша 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу