Ақтауда қаңтар айында жылжымайтын мүлік нарығындағы баға 3,2 пайызға төмендеді. Желтоқсанмен салыстырғанда үйдің шаршы метрі 8 350 теңгеге арзандап, 249 400 теңгені құрады.
Айта кету керек, қазіргі баға жарты жыл бұрынғы көрсеткіштен 14 пайызға төмен. Тамыз айында баспананың шаршы метрі орташа есеппен 291 520 теңге болған еді. Бұл қазіргі көрсеткіштен 42 120 теңгеге көп.
Жыл бойы бір шаршы метрдің бағасы 39% арзандады. Өткен жылдың қаңтарында шаршы метрі 428 100 теңге болса, бұл көрсеткіш қазіргіден 178 700 теңгеге артық.
Осылайша, 12 ай ішінде 40 шаршы метрлік бір бөлмелі үй бағасы 7 млн теңгеге арзандаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу