Ақтау қаласында кәмелетке толмағандар арасында төбелес болып, екі жасөспірім соққыға жығылды. Бұл туралы Lada.kz басылымы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Басылымның жазуынша, оқиға қаладағы шағын аудандардың бірінде болған. Бір топ адам екі жігітке шабуыл жасап, оларды ұрып-соққан. Жергілікті тұрғынның бірі жастар арасындағы төбелесті үйінің терезесінен түсіріп алған.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, зардап шеккендердің жеке басы анықталды.
Олардың екеуі де 17 жаста. Қазір бұл фактіге қатысты тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Алдын ала дерекке сәйкес, шабуыл жасағандар жәбірленушілермен таныс болған. Жанжалдың мән-жайы мен себептері анықталуда.