25 қазанда Telegram мессенджеріндегі "1414" арнасына Ақтау қаласындағы сауда-ойын-сауық орталығында жарылғыш зат бар екені туралы хабарлама түскен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама таратуға қатысы бар жасөспірім ұсталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Полиция терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау – ауыр қылмыс, және ол үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескеретеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу