Ақтауда дәретхана салуға бюджеттен 55 млн теңге бөлінді

461

Ақтауда бес қоғамдық модульдік дәретхана салынып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақтауда дәретхана салуға бюджеттен 55 млн теңге бөлінді Фото: лада.кз

Оның әр қайсысы үшін бюджеттен 11 млн теңгеден төленген. Дәретханалардың құнын жариялаған Ақтау әкімдігі бес жаңа модульдік орынға барлығы 55 млн теңге бөлінгенін нақтылады.

Модульдік дәретханалар "Ынтымақ" алаңында, Ту қойылған орталық алаңда, "Самал" шағын ауданының қасында, Приморский елді мекенде және 7 шағын ауданның жағасында орнатылады.

Сондай-ақ, қала әкімдігі модульдік әжетханалар күрделі құрылыссыз салынатынын хабарлады.

Айта кетейік, Ақтау қаласының тұрғындары 7 шағын аудандағы жағалауда теңізден 20 метр қашықтықта қоғамдық дәретхана салуға наразы болды. Олар кәріз сулары теңізге ағып кетеді деп қоратындарын жасырмады.

Кейін 11 шағын ауданының тұрғындары "Ынтымақ" алаңына қоғамдық дәретхана салуға қарсы шықты. Қала тұрғындарының айтуынша, алаңындағы сауда павильондарының аумағында қоғамдық әжетхана бар және жеке үй-жай салудың мағынасы жоқ деп санайды.                                                                                                                                                          

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу