Ақтауда демалыс үшін алынатын туристік жарна жойылды

834

Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі Ақтауға келетін туристер үшін салық алымдарын алып тастауды ұсынды.  

Ақтауда демалыс үшін алынатын туристік жарна жойылды Фото: С.Маймеров

Бастаманы қала әкімі мен мәслихат депутаттары қолдады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Шенеуніктердің пікірінше, бұл шара облыс орталығының туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Былтыр туристік жарна 2% құрады. Биыл оны жою туралы шешім қабылданды. Туристер үшін жақсы мүмкіндіктен бөлек, төлемді алып тастау бизнес үшін де пайдалы деп санайды.

"Аталмыш бөлім бұл идеяны мәслихатта ұсынды және оны депутаттар мақұлдады. Бұл шешім әділет органдарына тіркеуге жіберілді. Онда бұл мәселе қаралып жатыр. Алдағы уақытта тіркеуден өтуі тиіс", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қала мәслихаты шешімінің жобасы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына," Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №347 бұйрығына сәйкес қабылданды. Құжат "Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу ережесін бекіту туралы" деп аталады.

 "Шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесі" қағидаларына сәйкес республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар мәслихаттарының шешімдерімен бекітіледі.

Шетелдіктерге арналған туристік жарна - бұл қалалар мен аудандардағы жатақханаларды, қонақ үйлерді, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болған әрбір күн үшін туристерден алынатын төлем болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу