Ақтауда дүкендегі сатушыны сыра үшін ұрған тұрғын 6 айға сотталды

333

Қылмыстық іс Ақтау қалалық сотында қаралып, күдікті кінәсін толық мойындады.  

Ақтауда дүкендегі сатушыны сыра үшін ұрған тұрғын 6 айға сотталды Фото: Видеодан скриншот

Айыпталушыға 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Келеңсіз жайт 13 мамыр күні 27-шағын ауданда орналасқан "Ақсу" дүкенінде болған. Ішімдікке сылқия тойып алған тұрғын түнгі сағат 2-де сыра сатпағаны үшін саудагердің оң жақ бетіне жұдырық сілтеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жалпы мұндай жағдайда ҚР Қылмыстық Кодекстің 293-бабы 1-бөлігінің санкциясында 500-ден 2000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 300-ден 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға және 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

"Сот жаза тағайындау барысында сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – деп хабарлады Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу