Ақтауда көпқабатты үйдің 12-қабатындағы балконнан құлаған ер адамның өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Оқиға бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаменті.
Қайғылы оқиға 25 шілде күні таңертең Ақтау қаласының 19А шағынауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам пәтеріне балкон арқылы кірмек болған кезде 12-қабаттан құлап кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Жергілікті БАҚ-тың бейресми дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауынша, көз жұмған азамат бұған дейін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының бас прокуроры қызметін атқарған. Ол 2025 жылы зейнетке шыққан. Сондай-ақ оның Атырау облысында жерленгені хабарланды.