Ақтауда есірткінің заңсыз айналымы әшкереленді

498

Қаладағы шағын аудандарының бірінде есірткі заттарын таратты деген күдікпен екі азамат ұсталды.  

Ақтауда есірткінің заңсыз айналымы әшкереленді Фото: polisia.kz

29 қаңтарда сағат 22:00-де Ақтау қаласында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері есірткі заттарын жасырын қойып кету тәсілімен заңсыз сақтау және тарату дерегін анықтап, жолын кесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тыйым салынған заттар алдын ала дайындалған жасырын орындарда сақталып, таратылғаны анықталды.

Оқиға орны мен уақытша жалға алынған тұрғын үйді қарау, сондай-ақ ұсталғандардың өз еркімен жасырылған орындарды көрсетуі барысында заңсыз айналымнан зип-пакеттерге салынып, изолентамен оралған, жасыл түсті, өзіне тән иісі бар, өсімдік тектес, есірткі затына ұқсас заттар тәркіленді.

Медициналық тексеру нәтижесі бойынша ұсталғандардың есірткі тұтынбағаны анықталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдіктілер қашықтан басқарылатын куратордың нұсқауымен мессенджерлердің бірі арқылы заңсыз қызметпен айналысқан.

Ұсталған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу