Ақтауда "Итбалық" пайда болды

1674

Ескерткіш теңіз жануарын қырып-жоюға қарсылық ретінде орнатылған.

Ақтауда "Итбалық" пайда болды

Ақтау қаласында итбалыққа ескерткіш орнатылды. Биіктігі екі метрден асатын туынды демеушілер қаражаты есебінен жасалған, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Белгілі болғандай, қаладағы 15 ықшамауданда пайда болған бұл композиция "кіші архитектуралық нысан" саналады. Оның биіктігі – 2,3 метр. "Итбалық" мүсіні – шығармашылық ұжымның еңбегі. 

"Итбалық" кіші архитектуралық нысаны метал каркастан жасалған, сырты тот баспайтын құрышпен қапталды, әрбір бөлігі қолдан жасалған", – деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз хатшысы.

Ескерткішті "Master Mind" жеке кәсіпкерлігі демеушілер көмегімен жасап шығарған. 

Айта кетейік, Каспий итбалығының құрметіне орнатылған мүсін өнері "теңіз жануарына қатысты қатыгез әрекеттерге қарсылық" ретінде түсіндірілуде.

Өкінішке қарай, соңғы жылдары итбалықтар саны азайып барады, оның үстіне, өңірде оларды ұстап алып ұрып-соққан, сондай-ақ терісін, майын алу үшін пайдаланған оқиғалар тіркелді.  

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу