Ақтауда қандалаға қарсы дәріден уланған 2 бала ауруханадан шықты

358

Мамандар олардың жағдайы жақсарғанын айтты.

Ақтауда қандалаға қарсы дәріден уланған 2 бала ауруханадан шықты Фото: inbusiness.kz

Ақтауда қандалаға қарсы улау жұмыстарынан зардап шеккен 2 бала үйіне жіберілді. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz lada.kz порталына сілтеме жасап.

"Балалардың жағдайы қалпына келді. Олар үйіне жіберілді", - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске салайық, осыған дейін Ақтауда екі бала қандалаға қарсы дәріден уланып, көз жұмғанын жазған болатынбыз. Тағы 2 бала ауруханаға түсті. Мамандар эпидемиологиялық тексеру жүргізіп, пәтер иесі қандалаға қарсы дәрі себу кезінде шығу тегі белгісіз дәріні қолданғанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу