Ақтауда қараусыз қалған 2 баланың өміріне қауіп төнді

259

Полицейлер пәтерде қараусыз қалып, ашық терезенің алдына шыққан екі баланы дер кезінде құтқарды.

Ақтауда қараусыз қалған 2 баланың өміріне қауіп төнді Фото: polisia.kz

"102" арнасына 31Б шағынауданындағы №15 үйдің екінші қабатында кішкентай баланың ашық терезе маңында тұрғаны туралы хабарлама түскен, деп inbusiness.kz сайты.

Бұл жағдай баланың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері пәтерде 6 және 4 жастағы екі баланың ересектердің қарауынсыз қалғанын анықтады.

Белгілі болғандай, балалардың әжесі су алуға төменге шығып кеткен. Әр минуттың маңызды екенін және кез келген кідіріс қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін түсінген учаскелік полиция инспектордар Абзал Анарбайұлы мен Асылбек Куженов балаларды құтқаруға дереу кірісті. 

Полицейлер екінші қабаттағы пәтердің терезесіне көтеріліп, ішке кірген. Қызметкерлердің батыл әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында екі бала да дер кезінде қауіптен құтқарылды.

Балалар зардап шеккен жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу