Ақтауда жағалау маңында төтенше оқиға тіркелді, теңізден әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, 4-шағынаудандағы жағалауға түсетін тұстан мәйіттің табылуына байланысты арнайы қызмет өкілдері көптеп жиналған.
4А шағынауданында (халық арасында "Тарасик" аталып кеткен аумақ) теңізде адам бар екені жөнінде хабар құтқару қызметінің кезекші пультіне 29 қаңтар күні сағат 18:10-да түскен.
"Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері судан киімдегі әйел адамның мәйітін алып шықты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық ТЖД.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу