Ақтауда көлік жүргізушілері "Яндекс.Такси" қызметіне наразылық білдірді

581

"Яндекс. Такси" қызметін пайдаланатын жүргізушілердің еңбек жағдайы мәз емес. Олар өз уәждерін бейнехабарламаға жазып, әлеуметтік желілерге таратты.    

Ақтауда көлік жүргізушілері "Яндекс.Такси" қызметіне наразылық білдірді Фото: inbusiness.kz

""Яндекс.Такси" бонустарды бермеудің құйтырқы жолын табуда. Мысалы, бес рет сапар жасаған жүргізушілер келісілген соманы жинаса ғана бонус төленеді. Егер жүргізушінің бес сапары үшін тиісті қаражат жиналмаса, компания төлем жасамайды. Аталған сомаға жету үшін "Эконом класс" тапсырысын орындау аздық етеді. "Комфорт" тапсырыс алуы шарт. Сондықтан да осы қызмет түрін қосуды талап етеміз", - дейді жүргізушілер.

Әлеуметтік желі қолданушылары басқа такси агрегаторын пайдалануды ұсынды.

"Басқа агрегаторға ауыспай ма? Қандай мәселе бар? Такси жүргізушілеріне осы ыңғайлы. Қазір жолақысы таксиде өте қымбат болып барады. Көліктердің көпшілігі газбен жүреді. Көп шығын кетпейді. Ал, таксиді тапсырыспен шақырсаң, бір шағын ауданнан көрші ықшам ауданға 2-5 мин жетсе де, 500- 800 теңгеге дейін сұрайды", - дейді жолаушылар.

Ал, "Яндекс.Такси" қызметі көлік жүргізішілеріне әлі ресми жауап берген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу