Ақтауда контрафактілік тіс пастасын сатқан кәсіпкер айыппұл арқалады

338

Контрафактілік өнімдер тәркіленді.    

Ақтауда контрафактілік тіс пастасын сатқан кәсіпкер айыппұл арқалады Фото: canva.com

Ақтауда жалған тауар белгісімен тіс пастасын заңсыз сатқан кәсіпкерге 90 825 теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Маңғыстау облысы соттарының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сот мәліметінше, 2026 жылғы 30 қыркүйекте Әділет департаменті азаматтың өтініші бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіп, заңсыз сауда фактісін анықтаған.

Кәсіпкер сотта кінәсін мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұраған. Сот оның құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын және кінәсін мойындағанын ескеріп, айыппұлды 30 пайызға қысқартты.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу