Ақтауда көпқабатты үйдегі өрттен 8 адам құтқарылды

381

Құтқарылғандардың арасында үш бала бар.  

Ақтауда көпқабатты үйдегі өрттен 8 адам құтқарылды Фото: Бейнежазбадан

Ақтау қаласының 17-шағынауданында 18 қабатты тұрғын үй кешенінің 10 және 12-қабаттарындағы пәтерлерден өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, тұрғындарды эвакуациялап, өртті сөндіруге кірісті.

Құтқарушылар өрт кезінде 8 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарды. Сонымен қатар 60 адам, оның ішінде 21 бала өздігінен сыртқа шыққан.

Қазіргі уақытта өрт оқшауланды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу