Ақтауда медсақтандыру қоры филиалының директоры Руслан Бектібаев ұсталды

528

Ол ақша жымқырды деген күдікке ілініп отыр.  

Ақтауда медсақтандыру қоры филиалының директоры Руслан Бектібаев ұсталды Фото: inform.kz

Күдіктінің қасында медициналық фирмалардың бірінің директоры да бар, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Компания қормен тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде қызметтерді сатып алу шартын жасасқан.

Денсаулық сақтау министрлігінің базасына емделу немесе дәрігердің кеңесін алған адамдар туралы жалған мәліметтер енгізіп отырған.

"Азаматтарға тегін медициналық көмек көрсетілген. Бірақ іс жүзінде бұл қызметтер жасалмаған. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", - деді Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттықов.

Руслан Бектібаев екі айдан бері тергеу изоляторында жатыр.

Филиалдың бұрынғы директорының мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу