Ақтауда мүгедектерді қайыр сұрауға мәжбүрлеген отбасы мүшелері сотталды

206

Бұл туралы Маңғыстау облыстық прокуратурасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Ақтауда мүгедектерді қайыр сұрауға мәжбүрлеген отбасы мүшелері сотталды Фото: e-history.kz

Ақтауда мүгедектігі бар азаматтарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген отбасы мүшелері сотталды. Тергеу деректеріне сәйкес, 50 жастағы әйел мен оның екі ұлы 2023 жылдың қазан айынан 2024 жылдың наурызына дейін мүгедектігі бар екі адамды еркінен тыс ұстап, оларды қоғамдық орындарда қайыр сұратуға мәжбүрлеген. Сот үкімімен үшеуі де Қылмыстық кодекстің 126-бабы (Бас бостандығынан заңсыз айыру) және 128-бабы (Адамды қанау) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Белгілі болғандай, сотталғандар алдымен жәбірленушілерді Қарағанды қаласынан алдап алып кеткен. Кейін оларды Семей қаласында, одан соң Ақтаудағы базар маңында қайыр сұратуға мәжбүрлеген. Жәбірленушілердің бірі – аяғынан айырылған мүгедек. Түскен ақшаны отбасы мүшелері өз пайдаларына жұмсап отырған.

Жәбірленушілер қашып кетуге талпынған сайын психологиялық қысым мен физикалық күш қолдануға ұшыраған. Алайда 2024 жылдың наурызында олардың бірі полицияға хабар беріп, осы арқылы қылмыстық схема әшкереленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу