Ақтауда мүмкіндігі шектеулі жандардың халі мүшкіл

488

Ақтаулық мүгедектердің ең басты мәселесі – көп қабатты тұрғын үйлерге кіріп-шығу қиын, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.  

Ақтауда мүмкіндігі шектеулі жандардың халі мүшкіл Фото: inbusiness.kz

Ғимараттарға ыңғайлы пандустар қойылмаған. Тағы бір айта кетерлігі, қоғамдық көліктерге арбаға таңылған мүгедектердің мінгісі жоқ. Заманауи автобустарда арбаны көтергіш құрал болғанымен уақытын қиып, жарымжан адамдарды мінгізіп-түсіруге кондукторлар құлықсыз.

"Kazakhstan Active Rehabilitation" қоғамдық қорының басшысы Руслан Ғайбатов 2 ай көлемінде жүргізген өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті.

"Менің бұл жобаны жасақтауымның басты себебі - өзім де қиын жағдайға тап болдым. Сондықтан өңір бойынша бес аудан және екі қаланы аралап зерттеулер жүргіздім. Барлығы 61 адамнан сауалнама алып, мүмкіндігі шектеулі жандарда кездесетін кедергілерді жинақтадым", - дейді ол.

Қазір Маңғыстауда 30 мыңнан астам мүгедектігі бар азаматтар тіркелген. Оның ішінде 7 мыңға жуығы жарымжан балалар.

"Мүгедектігі бар жандардың 85 пайызы техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етілген және тұрғын үй мәселесінің көтерілуі өте орынды. Баспананың ыңғайлы болуы туралы мәселе үнемі көтеріліп келеді. Дегенмен, оны екі жақты тұрғыда қарастыруға болады. Әрине, қолайлы баспана арбамен кіріп шығуға, спорттық секцияларға қатысуына мүмкіндік жасайды. Бірақ, қоғамнан оқшауланып қалу мәселесі де туындап отыр", - дейді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Жайсангүл Досполова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу