Ақтауда мұнайшылар Президентке тағы да бейнеөтініш жазды

696

"Қарақұдықмұнай" ЖШС қызметкерлері жалақыны 100 мың теңгеге көтеріп, компанияның қаржылық жағдайын тексеруді сұрап отыр.

Ақтауда мұнайшылар Президентке тағы да бейнеөтініш жазды

"Қарақұдықмұнай" ЖШС қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қайтадан бейнеөтініш жазды. Олар басшылық тарапынан қысым көріп жатқанын айтты, деп жазады inbusiness.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.

"Компания басшылығы ереуіл заңсыз деп бізге қысым жасап отыр. Олар өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқыту мерзімін ереуіл уақытына әдейі қойды. Салдарынан кейбіреулер жұмыстан шығарады қорқып, үйіне кетті. Біз аймақтық прокуратурадан компанияны тексеруін сұраймыз. Себебі басшылық компанияның қаржылық жағдайы нашарлап бара жатқанын айтады. Оған қарамастан тимбилдинг ұйымдастырып, бізді қатысуға шақырады. Біз өз талабымыздың орындалуын талап етіп, осы жерде тұрамыз", – деді кәсіпорын қызметкерлері.

Мұнайшылар ереуіл туралы 2022 жылғы 17 тамызда мәлімдеген. Олар жалақыны 100 мың теңгеге көтеруді талап етіп жатыр. 

"Қарақұдықмұнай" ЖШС басшылығы қызметкерлердің талаптарына түсініктеме беріп, қызметкерлердің алдындағы міндеттемелерін толық көлемде орындайтынын мәлімдеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу