Ақтауда ойын алаңында баланың үстіне "қабырға" құлап кетті

91

Ақтауда балаларға арналған ойын алаңында 3 жасар баланың үстіне салмағы ауыр құрылғы құлап кетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақтауда ойын алаңында баланың үстіне "қабырға" құлап кетті Фото: Бейнежазбадан

Анасының айтуынша, құрылғы мүлде бекітілмеген.

"Аттракцион бөлігі ешқандай бекітусіз тұрған. Өзім көтеріп көрдім, бірақ ол тым ауыр болып шықты", – деді Айгүл Бисембаева.

Бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Рентген сүйек сынбағанын көрсетті, алайда аяғы қатты ауырғандықтан МРТ тағайындалды.

Анасының сөзінше, бала ұйықтай алмай жүр, оған психологтың көмегі қажет.

Полиция оқиға бойынша арызды тіркеп, материалдарды Ақтау қалалық әкімдігіне жолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу