Ақтауда пәтерден ер мен әйел адамның мәйіті табылды

563

Маңғыстау облысында көпқабаттың үйдегі пәтерлердің бірінен ер адам мен әйелдің мәйіттері табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.  

Ақтауда пәтерден ер мен әйел адамның мәйіті табылды

"17 тамыз күні сағат 10:40 шамасында "102" кезекші пультіне 14 шағынаудандағы пәтерлердің бірінен ер мен әйел адамның мәйіттері табылғаны туралы шақыру түсті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Полиция департаментінің және прокуратураның басшылығы барды. 28 жастағы күдікті "ізін суытпай" анықталып, ұсталды.

Ол Ақтау қаласы Полиция басқармасына жеткізілді.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді", – делінген полиция мәліметінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу