Ақтауда полицейлер көліктен шыққан өртті сөндіріп, жүргізушіні құтқарып қалды

176

Оқыс оқиға кезінде жүргізушінің жағдайы нашарлап, есінен танып қалған.  

Ақтауда полицейлер көліктен шыққан өртті сөндіріп, жүргізушіні құтқарып қалды Фото: Видеодан скриншот

18 желтоқсанда полиция қызметкерлері Қасымхан Даулетов пен Ильяс Өмірзақов 14-шағын ауданына қарсы жол қиылысында Nexia автокөлігінің өртеніп жатқанын байқап, дереу көмекке ұмтылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Олар қосымша экипаж шақырып, жол қозғалысын уақытша жауып, жедел басқару орталығына хабарлаған.

Кейін оқиға орнына 3 полиция қызметкері келіп, өртті сөндіруге көмектеседі.

Ильяс Өмірзақов пен Қасымхан Даулетов азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оның өмірін аман алып қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу