Ақтауда полиция көлігі 1,5 жастағы баланы қағып кетіп, мерт қылды

97

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

Ақтауда полиция көлігі 1,5 жастағы баланы қағып кетіп, мерт қылды Фото: lada.kz

Ақтауда бір жарым жастағы баланы полиция көлігі қағып кетті. Бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 13 мамыр күні болған. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, құқық қорғау органдарының қызметкері қызметтік көлікті тізгіндеген. Ол №27 шағын ауданда тұрғын үйдің алдындағы жолда 1,5 жастағы ұл баланы қағып кеткен. Оқиға салдарынан сәби есін жимастан оқиға орнында көз жұмды.

"Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция.

Бейресми дереккөзге сілтеме жасаған жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, жүргізуші алкогольдік және наркологиялық сараптамадан өткен.

Тексеру оның алкоголь немесе психотроптық заттарды қолданбағанын көрсеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу