Ақтауда сапалы аяқ киім өндірісі дамуда

913

Ақтау қаласындағы аяқ киім фабрикасы  жылына 120 мың жұп отандық аяқ киім тігеді.  

Ақтауда сапалы аяқ киім өндірісі дамуда

"Zhamal-ai LTD" кәсіпорыны негізінен мұнай және газ кен орындары, құрылыс алаңдары, әскери саладағы адамдарға арнайы шығарылады.

2015 жылдан бастап зауыт "Sharkey" брендімен балалар мен жасөспірімдерге арналған аяқ киімдердің сан түрін тігуде. Туфли, мокасин, кроссовка, кеды сынды түрлері заманауи дизайнда, таза былғарыдан жасалады. Қазір оқу жылы қарсаңында көрші елдің тауарларынан оқ бойы озық тұр. Кәсіпорын өнімдерінің басты артықшылығы- тек қана табиғи материалдар пайдаланады. Бұл аяқты қорғауға, күнделікті киюге жайлы әрі ыңғайлы. Шикізаттар Қазақстан, Ресей, Түркия және Италия өндірушілерінен жеткізіледі. 

Фабрикада жазғы және қысқы арнайы киімдер де тігіледі. Өндіріске қажетті жұмысшы киімдері, медициналық және аспаздық униформалар, спорттық костюмдер, мектеп формасы, футболкалар, поло, бейсболкалар, жылы бас киімдер, күртешелер мен жеңсіздер де тігіп келеді. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 30 мың киімге жетіп отыр. 

"Зауыттың шығаратын өнім көлемі жыл сайын артып келеді. Еңбекке 
қабілетті мүгедектерді жұмыспен қамтимыз. Колледждер мен жоғарғы оқу орындарын бітірген мамандарды жұмысқа орналастыру бағдарламасы орындалуда. Кейбір жастар мектепті бітіргеннен кейін кәсіпорында курстан өтіп, жұмысшы біліктілігін алады",- дейді "Zhamal-ai LTD" ЖШС директоры Зибира Хасанова

Зауытта киім мен аяқ киім тігу үшін 160 жоғары білікті маман жұмыс істейді. Кәсіпорын ҰОС ардагерлеріне, жекелеген әлеуметтік осал топтағы азаматтарға, түрлі ұйымдарға қайырымдылық көмек көрсетеді. 

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу