Ақтауда шенділер кәсіпкерлерге жер учаскелерін жалға беруден бас тартты

512

Ақтау қаласының жергілікті атқарушы органы кәсіпкерлерге жер учаскелерін жалға беру мерзімін ұзартудан негізсіз бас тартқан. 

Ақтауда шенділер кәсіпкерлерге жер учаскелерін жалға беруден бас тартты Фото: google

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан мәліметке сүйенсек, іскерлер осы әрекет бойынша шағым келтірді.

Қолданыстағы заң нормасына сәйкес, жергілікті әкімдік жерді жалға беру мерзімін ұзартуы тиіс болған. Алайда, жауаптылар жер учаскелерін жалға беру мерзімін ұзартудан 3 ай бойы негізсіз бас тартып келген. 

Департамент Ақтау қаласы әкімдігінің жауапты қызметкерлері мен кәсіпкерлердің қатысуымен арнайы кездесу ұйымдастырды. Нәтижесінде, кәсіпкердің шағымы қанағаттандырылып, жер телімін жалға беру мерзімі ұзартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу