Ақтауда шетелдік есірткі сатушылар тобы ұсталды

624

Ақтауда арнайы операция нәтижесінде Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шетелдік есірткі-диллерлер тобын анықтап, қолға түсірді. Күдіктілер Өзбекстан Республикасының азаматтары.  

Ақтауда шетелдік есірткі сатушылар тобы ұсталды

Тінту барысында жалпы салмағы 740 грамм “мефедрон" синтетикалық есірткі заты 221 орамаға бөліп салған жерінен табылды. Күдіктілердің бірінің жұмыс орнынан 200 грамм "мефедрон" және жалпы салмағы 10 грамм "Марк" есірткі заты бар 20 орама табылды. Барлық дәлелді заттар тәркіленді.

Аталған қылмыстық топ Ақтау қаласының аумағына есірткінің әр граммын 50 мың тг саудалап отырған. Төлемдерді интернет-әмиян желісі арқылы жасатқаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдіктілер МО ПД тергеу изоляторына қамалды.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу