Ақтауда синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді

98

Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

Ақтауда синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді Фото: polisia.kz

Ақтауда заңсыз айналымнан синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтау қаласында Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және ЖҚАЖ қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткіні заңсыз сақтады деген күдіктіні ұстады.

Жеке тінту барысында күдіктіден салмағы 2 келіге жуық альфа-PVP синтетикалық есірткісі салынған 4 полиэтилен пакет тәркіленді.

Жедел іс-шараларды жалғастыру барысында Ақшұқыр аумағында орналасқан 15 ықтимал орын тексерілді. Соның ішінде 8 жасырын орыннан жалпы салмағы 128,92 грамм есірткі табылды, қалған 7 орын бос болған.

Қазіргі уақытта іс бойынша жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу