Азаматтық істі Маңғыстау облыстық мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот қараған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақтау қаласының соты өңір тұрғынын кәмелетке толмаған баласын ғана емес, жұбайын да материалдық тұрғыда қамтамасыз етуге міндеттеп отыр.
Жергілікті басылымның жазуынша, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотында жұбайын асырауға алимент өндіру туралы азаматтық іс қаралды.
Сот материалдарына сәйкес, ерлі-зайыптылар 2024 жылы некеге тұрған. Олардың 2025 жылы дүниеге келген ортақ баласы бар. Бұған дейін сот бұйрығымен әкесінен баланы асырауға алимент өндірілген.
Талапкердің айтуынша, күйеуі өз еркімен оған материалдық көмек көрсетпеген. Осыған байланысты әйел соттан баласы 3 жасқа толғанға дейін өзіне алимент өндіруді талап етеді.
Сот талапты орынды деп тауып, жауапкерді бұрынғы жұбайына ай сайын 20 АЕК мөлшерінде, яғни 86 500 теңге алимент төлеуге міндеттеді. Бұл төлем ортақ бала 3 жасқа толғанға дейін жүргізіледі.
Сот шешімі заңды күшіне енді.