Ақтауда танымал блогер ұсталды

137

Маңғыстау облысының полиция департаменті әлеуметтік желі арқылы жасалған алаяқтық дерегі бойынша тергеу бастады.

Ақтауда танымал блогер ұсталды Фото: polisia.kz

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, күдікті әлеуметтік желіде Қытайдан түрлі тауарларды, нақты айтқанда премиум санаттағы ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техниканы нарықтағыдан төмен бағамен сату және жеткізу туралы жарнама жасаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тауарларды жарнамалау үшін 360 мыңнан астам оқырманы бар танымал Instagram аккаунтының иесі тартылған.

Тергеу нұсқасы бойынша, жарияланымдар арқылы сатып алушыларға тауардың бар екені, оның сапасы және Қазақстанға жеткізу мүмкіндігі туралы ақпарат берілген.

Жарнама жарияланғаннан кейін азаматтар көрсетілген байланыс нөмірлері арқылы хабарласып, тауарлар үшін жеке кәсіпкердің шотына ақша аударған. Алайда тауарларды жеткізу бойынша қабылданған міндеттемені орындамаған.

Тергеу деректеріне сәйкес, алынған қаражат жеке мақсаттарға жұмсалған. Тергеу барысында ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техника үшін ақша аударған жәбірленушілер анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау, сондай-ақ өзге де ықтимал жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу