Ақтауда тәрбиеші балабақшадан қуылды

435

Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті. 

Ақтауда тәрбиеші балабақшадан қуылды

"Мәншүк" балабақшасының тәрбиешісі ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес жұмыстан босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сонымен қатар балабақша директорына сөгіс жарияланды. 

Еске салайық, жақында аталған балабақша тәрбиешісінің баланы жұлқылаған видеосы тарап кетті. Ата-аналар да шағымданып, шара қолдануын сұраған еді. Кейін облыстық прокуратура бұл істі ерекше бақылауға алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу