Ақтау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жағалау аумағында жүргізілген мониторинг және бақылау жұмыстары барысында кәсіпкердің тиісті рұқсат құжаттарынсыз қайық айлағын орнатқаны белгілі болған.
– Анықталған заң бұзушылыққа байланысты кәсіпкерге қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ескерту жасалып, кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою туралы нұсқама берілді. Сондай-ақ, нысан орналасқан аумақты бастапқы қалпына келтіру, заңсыз орнатылған құрылымдарды демонтаждау, жағалау белдеуін абаттандыру және санитарлық талаптарды сақтау міндеттелді, – деді Ақтау қаласы әкімдігі баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда аталған аумақта айлақты бұзу жұмыстары басталған.
Осы оқиғадан кейін қала әкімдігі жер учаскелерін, жағалау аймақтарын және қоғамдық кеңістіктерді заңсыз игеруге, сондай-ақ рұқсатсыз құрылыс жұмыстарын жүргізуге жол берілмейтінін еске салды. Ал заң талаптарын бұзғандарға тиісті әкімшілік шаралар қолданылмақ.