Олар сапборд тақтасымен серуендеуге шыққан. Күшті ағыс салдарынан оларды теңізге қарай алып кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Судағы профилактикалық іс-шаралар барысында ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Ақтау қаласының 4А шағын ауданы маңында жағадан шамамен 500 метр қашықтықта көмек сұраған адамдарды байқаған. Екі азамат құтқару жилеттерін киген, бұл қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектесті", – делінген хабарламада.
Олар қайықпен жағаға жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу