Абырой болғанда, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға 2 қарашада сағат 16:55-те Ақтау теңіз портының кірме жолының күзетілмейтін реттелмейтін темір жол өткелінде тіркелген. Онда "МАЗ" жүк көлігінің жүргізушісі резервпен шамамен 5 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан тепловозға жол бермеген.
– Соқтығысу нәтижесінде тепловоз елеулі техникалық зақым алды. Оқиға туралы Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөліміне хабарланды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол-көлік оқиғасының себебі жүргізушінің Жол қозғалысы ережелерін бұзуы болды, – делінген ресми хабарламада.
ҚТЖ жүргізушілерді темір жолдарды кесіп өту кезінде мұқият болуға, жол белгілері мен сигналдарының талаптарын сақтауға, темір жол көлігін өткізіп жіберуге шақырады.
Қозғалыс қауіпсіздігі әр жүргізушінің тәртібіне байланысты екені анық.