Ақтауда тұңғыш рет есту аппараты шығарылады

832

"Айшық" деп аталатын отандық есту аппараттары Ақтау қаласынан шығарыла бастайды. 

Ақтауда тұңғыш рет есту аппараты шығарылады

Ақтау қаласында орналасқан өндіріс орнының негізгі қызметі – қысқа мерзімде отандық нарыққа кез келген есту қабілетінің төмендеуі бар немесе есту қабілетінен айырылған адамдарға сапалы есту аппараттарын құрастыру. Жобаны германиялық инвесторлар қаржыландырмақ.

Алғашқы өнім нарыққа 2023 жылдың бірінші жартысында шығады деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта өндіріске лицензия алынып, сынақ шығарылымына тіркеу құжаттары мен сараптамаларын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Компания директоры Айна Тұмышеваның айтуынша, мұндай құрылғының үш түрі болады және бағасы 30 мың теңгеден басталады. Аппаратарды тұрғындар жеке қаржысына сонымен қатар, мемлекеттік квота бойынша ала алады.

Облыс бойынша есту аппараттарына биыл 276 өтініш келіп түскен. 

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу