Ақтауда тұрғын үйдегі газ жарылысының болжамды себебі айтылды

72

Қазір мамандар жарылыстың бірнеше нұсқасын қарастырып жатыр. 

Ақтауда тұрғын үйдегі газ жарылысының болжамды себебі айтылды Фото: Маңғыстау облыстық ТЖД

"QAZAQGAZ AIMAQ" Маңғыстау өндірістік филиалы Ақтаудағы төтенше оқиғаның себебі ретінде қандай нұсқа қарастырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мекеменің бас инженері Әли Юсупов үйден шамамен сегіз метр қашықтықта тұрмыстық тұтынушыларға газ жеткізетін орта қысымды газ құбыры өтетінін айтты. Бірақ та, бұл тұрғын үй кешенінің маңында "QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ-ның балансында тұрған газ құбырлары жоқ.

"Қазір мамандар жарылыстың бірнеше нұсқасын қарастырып жатыр. Соның ішінде тұрмыстық газдың таралу мүмкіндігі де бар. Бұл үйге газ тартылған, ғимараттың сыртына газ құбырлары жүргізілген, сондай-ақ орта қысымды жерасты газ құбыры бар. Бұл нысандар жеке заңды тұлғаның балансында, яғни құрылыс компаниясының, не тұрғын үй иелері бірлестігінің немесе ПИК-тің қарауында болуы мүмкін", – деді Әли Юсупов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу