Ақтауда түрме қызметкерлері арыз жазды

1370

Олар бастығын ұжымдағы ахуалды нашарлатты деп айыптайды.

Ақтауда түрме қызметкерлері арыз жазды

Ақтаудағы 172/6 түрме қызметкерлері өздерінің бастығы, полиция подполковнигі Қанат Жарылғаповтың үстінен анонимді түрде арыз жазды. Қазір Маңғыстау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті арыздың мән-жайын тексеруде. 
Белгілі болғандай, арыз соңында оның тек "ұжымдық хат" екені көрсетілген. Онда Жарылғапов келгелі ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал қатты нашарлап кеткені, оның кез келген адамды жұмыстан шығарам деп қорқытатынын жазған. Сондай-ақ түрме бастығы бұрын қаржы полициясында жасағанын алға тартып, оған ешкімнің ештеңе жасай алмайтынын айтады екен. Хатта оның жазасын өтеп жатқандарға тегін жұмыс жасатып қоятыны да аталып өтеді.

"Негізі Маңғыстау облысына Жарылғасов келгелі сотталушылардың материалдық-тұрмыстық жағдайын жақсарту, жұмысқа орналастыру, түрмеден шығаруға дайындау бойынша көп жұмыстар жасалды. Оның үстіне ол келгеннен бергі уақытта түрме аумағындағы тексеру және тінту шаралары кезінде 350 ұялы телефон мен жүзге тарта кескіш және тескіш құралдар тәркіленді, мұның өзі онда қалыпты жағдайдың орнауына оң ықпалын тигізген. Ал оның заңсыз іс-әрекет жасағаны жөнінде бұған дейін шағым түскен емес", – дейді Маңғыстау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен. 

Құралай Қуатова

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу