Ақтауда үлескерлердің қаражатын жымқыру фактісі бойынша айыптау үкімі шықты

135

 Сот үкімімен Корниенко Н.Н. 5 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Ақтауда үлескерлердің қаражатын жымқыру фактісі бойынша айыптау үкімі шықты Фото: Azattyq Ruhy

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті жүргізген тергеп-тексеру барысында Корниенко Н.Н. ешқандай өкілеттігі болмаса да, өзін "СК 2032" тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басшысы ретінде көрсетіп, "МИЗАМ" көпқабатты тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сатуға қатысты 9 келісімшарт жасағаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Осылайша ол азаматтардың 70 миллион теңге көлеміндегі қаражатын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Сот санкциясымен күдіктінің жалпы құны 200 млн теңге болатын 8 мың шаршы метр жер теліміне тыйым салынды.

Мүлікке салынған тыйым жәбірленушілердің азаматтық талаптарын өтеу үшін пайдаланылатын болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу