Ақтауда үш күн бойы битумға қатысты мәселелер талқыланады

684

Президент жолдауында үкіметке битум тапшылығын шешуді тапсырған болатын.

Ақтауда үш күн бойы битумға қатысты мәселелер талқыланады

Ақтау қаласында Қазақстандағы, жақын және алыс шетелдердегі ірі мемлекеттік және жеке компаниялардың, салалық министрліктердің, қауымдастықтар өкілдерінің, битум және басқа да жол құрылыс материалдары, полимер-битум байланыс, қиыршық тас өндірушілер мен жеткізушілердің қатысуымен Жол конгресі өтуде, деп хабарлайды inbusiness.kz "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығына" сілтеме жасап.

Іс-шара 7 қыркүйекте басталды. Шараға қатысушылар үш күн бойы отандық битум өндірушілердің қуаттарды жаңғырту бойынша жоспарларын, битум байланыстырғыш материалдардың сапасын, жол құрылысында полимерлі-модификацияланған битумды пайдалануды, оларды тасымалдау, сақтау және инженерлік-мердігерлік келісім бойынша сапасын бақылау мәселелерін талқылайды және Қазақстандағы ірі жол битум өндірушілердің бірі "Caspi Bitum" СП" ЖШС-нің қызметімен танысады.

"Бұл форум битумның сапасына қатысты мәселелерді ашық талдауға мүмкіндік береді. Өз тарапынан Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы автомобиль жолдарын салу кезінде битумды бағалаудың жаңа стандарттарын қолданатын болады", – деді РМК Бас директоры Замир Сағынов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу