Ақтауда жаңа жылдан бастап сұйылтылған газ қымбаттайды

874

Ақтауда жаңа жылдан бастап сұйылтылған газ қымбаттайды

Ақтауда сұйытылған газ 2018 жылдың қаңтарында қымбаттайды, деп хабарлайды КазТаг.  
"2018 жылдың қаңтарынан бастап көгілдір отын бағасы өседі. ҚР энергетика министрінің бұйрығына сәйкес газ 10% қымбаттайды. Облыстағы жанар-жағар май стансасындағы көгілдір отынның литрі  Т55 тұрады", - деп хабарлады бейсенбіде Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Тимур Сәдуақасов.
Ол атап өткендей, бағаны Т60/литр көлемінде ұстау жоспарлануда. Қазір өңірде сұйытылған газ Т45/литр бағамен сатылуда.  
"Жеке жанар май стансаларына келсек, бір литр газдың бағасы құбылып тұр. Кейбірі Т45-тен, кейбірі Т50-ден сатып жатыр. Облыс орталығынан алыста орналасқан жанар май бекеттері логистика кемшіндерін ескере отырып, Т55-тен сатуда. Алайда еш жерде Т55-тен жоғары баға тіркелмеген", - деді Тимур Сәдуақасов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу