Ақтауда жартас жолындағы бұлақтан қауіпті бактериялар табылды

320

Аймақтың экология департаменті жергілікті тұрғындарға және шаһар қонақтарына бұл жерден суды ішуге тыйым салды. 

Ақтауда жартас жолындағы бұлақтан қауіпті бактериялар табылды Фото: lada.kz

Ақтауда жартас жолында орналасқан бұлақтан қауіпті бактериялар табылды, деп жазады inbusiness.kz www.lada.kz порталына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының экология департаментінің хабарлауынша, мамандар бұлақтан су ішкенін көрсеткен блогер Рашит Ілиясовтың бейнежазбасынан кейін тексеру жүргізген. Эпидемиологтар суда ішек бактерияларының жалпы санының шамадан тыс артқанын анықтаған.

"Жалпы колиформды бактериялар ішек бактерияларының үлкен тобына жатады. Оны ауыз су ретінде ішуге болмайды, адам денсаулығына тигізер қаупі бар", - деп хабарлады облыстық экология департаменті.

Ресурстың жазуынша, журналист Рашит Ілиясов жүргізілген зерттеу нәтижелерімен танысқан. Ол жартас жолында бұлақтың орналасқан жері көрсетілген тақтайшаны орнатқан компанияны жауапкершілікке тарту қажет деп есептейтінін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу