Әлеуметтік желілерде Toyota Camry көлігі мен құрылыс алаңында тұрған жүк тиегіштің соқтығысуы салдарынан полиция қызметкері қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Полиция департаменті өз қызметкерінің қатысуымен болған қайғылы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан полиция қызметкері оқиға орнында көз жұмды. Ол демалыста, қызметтен тыс уақытта болған. Сараптама қорытындысына сәйкес, марқұмның бойында алкогольдік немесе есірткілік масаңдық белгілері анықталған жоқ", – деп мәлім етті өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу