Ақтауда жол қауіпсіздігін күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр

214

Қалада 1000 метр жасанды жол кедергісін орнату жоспарланған.  

Ақтауда жол қауіпсіздігін күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр Фото: gov.kz

Ақтауда жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыс қолға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қала аумағында жасанды жол кедергілері орнатылып, жаяу жүргіншілер өткелдерінің жолақтары жаңартылып жатыр. Жұмыстар Ақтау қалалық полиция басқармасының кешенді тексеру нәтижелері мен тұрғындардың өтініштері негізінде ұйымдастырылған.

Әсіресе мектептер, балабақшалар мен балалар ойын алаңдары орналасқан аумақтардағы қауіпсіздікке басымдық беріліп отыр.

Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ақжол Емілдің айтуынша, жоспарға сәйкес қалада жалпы ұзындығы 1 мың метр жасанды жол кедергісін орнату көзделген.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар кезең-кезеңімен жалғаса береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу